• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Наурыз, 2022

Кездесу төрешілер шешіміне жетпей аяқталуы мүмкін – Геннадий Головкин

908 рет
көрсетілді

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаға қарсы өтетін жекпе-жекке қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Алдағы жекпе-жектің қалай аяқталатынын нақты болжау өте қиын. Нокаут болуы әбден ықтимал. Екеуміз де шайқасты төрешілер шешіміне жеткізбеуге тырысамыз. Өйткені ол да, мен де қарсыласқа қысым көрсеткенді жақсы көреміз. Стилі ұқсас боксшылар санатынанбыз. Біздің осы стиліміз кездесудің тартысты өтуіне септігін тигізетіні даусыз», дейді қазақстандық боксшы өз ойымен бөлісіп.