Ақтаулық Еламан Нұржановтың із-түссіз жоғалғанына 16 күн болған, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Сұр қара жейде және спорттық костюммен кеткен Еламан Нұржановты жоғалтып алған туыстары оның бір күні табылатынына сенеді. Ол достарымен бірге Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен елді мекеніне қонаққа барған. Басқосудан шыққаннан кейін ол белгісіз жаққа кеткен. Содан бері Еламаннан хабар жоқ. БАҚ келтірген деректерге сенсек, Еламанның қалтасында телефон да, құжат та болмаған екен.