Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, сонымен қатар қар және тұман күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде боран мен қар жауады, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болуы мүмкін. Ал 23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында қалып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Сонымен қатар, ел бойынша тұман және желдің күшеюі байқалады. Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды, күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады», делінген хабарламада.