Шығыс Жапония теміржол компаниясы өткен аптада Жапонияның солтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі салдарынан рельстен шығып кеткен жүрдек пойыздардың қызметін 20 сәуірде қалпына келтіруді көздеп отырғандарын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Пойыздар қозғалысын қайта жандандыру шамамен бес аптаға созылады. JR East компаниясы осы уақытқа дейін жабдықтар мен инфрақұрылымға 1000-ға жуық зақым келгенін растады. Оның ішінде 300-ге жуығы теміржолдарда орын алды. Оператор JR East ертең,сейсенбіде Фукусима префектурасындағы Насушиобара мен Корияма станциялары мен Иватедегі Ичиносэки және Мориока станциялары арасындағы жұмыс жанданатынын мәлім етті.
Атап айтқанда 2 сәуірге таман Корияма мен Фукусима арасында жүрдек пойыз жүретін болады, ал екі күннен кейін Сендай мен Ичиносэки арасындағы қатынас қалпына келтіріледі.
Жексенбі күні оператор Мияги префектурасының Широиши қаласындағы станциядан 2 шақырымдай жерде жолдан тайған 17 вагондық пойызды шығаруға кірісті. Барлығы 17 вагонның 16-сы рельстен шығып кеткен.
Айта кетсек, өткен сәрсенбі күні кешке қарай Фукусима префектурасында 7,4 балдық жер сілкінісі болып, бірнеше префектурада үш адам қаза тапқан еді, 200-ден астам адам жарақат алды.