• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2022

Ерлан Қарин «Екінші республика» ұғымын түсіндірді

828 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Мемлекет басшысы бастама еткен саяси реформалар биыл жүзеге асырылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтау кезінде Президент «Екінші республика» жайында айтты. Осыған байланысты кейбір сарапшылар бұл түсініктің астарында не жатыр және бұған дейін жарияланған «Жаңа Қазақстан» концептісіне оның өзара қатысы қандай деген сұрақ қойып отыр. Шын мәнінде, осы екі идеологеманың мәні бір, яғни тек акценттерінде ғана айырмашылық бар. Жаңа Қазақстан – ол жалпы біздің елдің болашағының образы»,  деп жазды Ерлан Қарин Telegram каналында.

Оның айтуынша, бұл қоғамдық құндылықтарды жаңарту мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттігін білдіреді.

«Сәйкесінше, еліміз қаңтар оқиғасы немесе Жолдаудан кейін бірден автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүре бастады дегенді білдірмейді. Жаңа Қазақстанды құру бір сәтте іске аса қоймайды. Бұл - өз кезегінде қоғамдық трансформацияның терең және ұзақ процесі», деп жазды Ерлан Қарин.