• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Наурыз, 2022

Жапонияда жолаушылар мінген кеме суға батты

276 рет
көрсетілді

Қайғылы жағдай Кагосима префектурасына қарасты Танэгасима аралының жағалауында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнында бір адам қайтыс болып, төртеуі хабар-ошарсыз кеткен.

Кеме бортында сегіз адам болғаны анықталды. Олардың алтауы – индонезиялықтар.

Кеме бортта орын алған өрттің кесірінен батты.

Индонезия елінің үш азаматын сол жерден өтіп бара жатқан басқа кеме құтқарып қалған. Тағы бір азаматты жағалаулық күзеттің қызметкерлері тауып алды. Алайда, кейіннен дәрігерлер оның қайтыс болғанын мәлімдеді. Ал жоғалып кеткен төрт адамның тағдыры әлі белгісіз.