• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Наурыз, 2022

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

157 рет
көрсетілді

Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

23 наурызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, солтүстік-шығысында-боран. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м / с жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында боран, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде боран соғады. Облыстың батысында-тұман, көктайғақ. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м / с жетеді.

23 наурызда Павлодар облысының шығысында, солтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел түнде оңтүстікте, батыста 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23-28 м/с жетеді.

23 наурыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында-боран. Батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді

23 наурыз күні таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің солтүстігінде-тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шымкентте жауын-шашын қатты жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с.