• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Наурыз, 2022

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

1375 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 23-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, белсенді солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста бұрқасын, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с болады, түнде солтүстік-батысы мен шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз шығысында екпіні 23-28 м/с болады, солтүстігі, батысы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шығысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с болады және жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, күндіз оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады, шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының солтүстігі, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал. Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей уақыттарда 25 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандыранда тұман түсіп, таулы аударында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының батысы мен солтүстігінде тұман, Атырау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.