• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Наурыз, 2022

Елордада бір күнде 30-дан астам жол апаты болды

183 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан 35 жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатты боран соғып тұр. Таңертеңнен бері қала аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір адам дене жарақатын алды. Сонымен қатар автокөлікпен қаладан тыс алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Қазіргі уақытта боранға байланысты барлық бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілер де сақ болғаны жөн. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін арнайы рұқсат етілген орындарда көшеден өтіңіздер» делінген ПД мәліметінде