Қаржы мониторингі агенттігі Шымкентте заңсыз қызметін жүзеге асырған «GAP» өндірістік кооперативі түріндегі қаржы пирамидасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Күдікті анықталды, ол азаматтармен тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу үшін қаржылық көмек көрсету туралы шарт жасасқан», деп түсіндірді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.