Елордада бір тәулік ішіінде 124 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны артты. Ірі жол апаттарының бірі 23 наурыз күні сағат 14:30-да Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына апаратын жолда орын алды. Жол апатында 12 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының себебі - метеорологиялық жағдайда жылдамдық режимін сақтамау.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қатты тежеуге жүгінбеуді, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеді.