• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2022

Алматыда заңсыз сатылған кәсіпорын мемлекетке қайтарылатын болды

285 рет
көрсетілді

Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорнын қала меншігіне қайтару шарларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқаруға жауап береді. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК сатылған.

«ABM Group.com» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мәміле 4,6 млрд теңге болды, болжамды құны 14,8 млрд теңге.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020-2021 жылдарға арналған қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған орталықтандырылған басқаруды ұсыну бойынша қызметтерді көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді. Осы нарықта «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ның үлесі бар. Бұл ұйымның монополиялық жағдайға ие екендігі анықталды», деп хабарлады әкімдіктен.

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес, монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау ел Үкіметінің құзыретіне жатқызылған.

Осылайша, Алматы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы қала жарық» МКК-ны жекешелендіру туралы шешімі Мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді.

«Алматы қала жарықты» жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Алматы әкімдігі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қабылдауда.