Павлодар облыстық ТЖД-ға Ертіс өзенінің бойында балықшылардың жоғалып кеткені туралы хабарлама 23 наурыз сағат 22:40-та түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғалған адамдарды іздеуге Ақтоғай ауданының №15 өрт сөндіру бөлімінің бес қызметкері, жергілікті тұрғындар мен полицей шыққан.
– Балықшылар 24 наурызда сағат 00:45-те Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде табылды. 40 және 59 жастағы балықшыларға құтқарушылардың көлігіне жетуге көмек көрсетілді, – деді департамент өкілі.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.