• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2022

Қазақстанның іскер әйелдері Дубайда өз жобаларын таныстырды  

248 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамын тойлау аясында EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильонының алаңында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы өкілдері қатысқан іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық делегация құрамында білім беру, құрылыс, астық индустриясы, туризм, баспа, тігін өндірісі, қонақ үй-мейрамхана бизнесінің өкілері болды.

Таныстырылым барысында әйелдер еліміздің өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан бизнес пен әлеуметтік жобаларды талқылады.

Іс-шара Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысушылары үшін тәжірибе алмасуға және әлеуетті серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

Павильон ашылғалы бері оған 1,4 млн-нан астам адам келгенін, ал оның алаңында 50-ге жуық іскерлік және мәдени іс-шаралар өткізілгенін атап өткен жөн.