Атырауда қала ортасында екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші мерт болды. Екінші жүргізуші аурухана жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 24 наурызда сағат 23:00 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы Әбілқайырхан даңғылы бойында «Лада Приора» көлігі кері бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан «Mercedes» көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Приора» көлігін басқарған 1983 жылғы жүргізуші оқиға орнында мерт болды. Ал, «Mercedes» көлігінің рульінде болған 25 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.