• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 25 Наурыз, 2022

Теңге нығайып келеді

458 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 1,24 теңгеге төмендеп, 494,03 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 0,29 теңгеге төмендеп, 5,19 теңгені құрады. Ал қытай юанінің бағамы 0,84 теңгеге төмендеп, 78,50 теңгені құрады.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 492-496 теңгеден, еуроны – 541-549 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 5-5,8 теңге.

Сонымен қатар 25 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өзгерді.

WTI мұнайының мамыр фьючерстері 0,12%-ға төмендеп, барреліне 112,18 долларды құрады.

Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы 0,02%-ға - барреліне $119,05-ға дейін көтерілді.