Екібастұзда дәнекерлеуші жігіт қазандық құбырын жөндеу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«25 наурыз күні сағат 23:00-де Екібастұз қаласындағы ЖШС-нің бірінің өндірістік цехында 36 жастағы газ-электр дәнекерлеушісі қазандық құбырларында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 74 метр биіктіктен құлап кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.