Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кәсіби карьерасы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз төрт жылдан бері Америкадамыз. 11 жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионының міндетті қарсыласы болдық. Аллаға шүкір! Әлем чемпионы белбеуін елге әкелеміз! Бұл күнге санаулы айлар қалды! Жоспар көп, мақсат айқын! Бірлік бар жерде тірлік бар!», деп жазды боксшы Instagram парақшасында.