• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2022

Атырауда коронавируспен ауырған соңғы науқас емделіп шықты

167 рет
көрсетілді

Атырауда модульді жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

70 жастағы Сәуле Жолдыбаева ауруханаға 2022 жылдың 16 наурыз күні өкпесінің 40%-ы зақымданған күйде түскен. 10 күн ем қабылдаған науқас бүгінде ауруынан айығып, ем алған соңғы пациент ретінде ауруханадан шықты. 

- Ауруханаға келгеннен бері дәрігерлер мен медбикелер тиісті көмектерін көрсетті. Аурухана басшылығынан бастап бәріне айтар алғысым шексіз. Бастысы, қауіпті індет жойылып, қалыпты өмірге оралсақ екен деген тілегім бар, - деді Сәуле Жолдыбаева. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың 27 наурызында алғашқы науқасты қабылдаған медицина қызметкерлерінің батылдығын ерекше атап өтіп, қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. 

- Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдап жатқан науқас жоқ, - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.