Ресейдің ЦСКА клубында ойнайтын жартылай қорғаушы Юсуф Язиджи елдегі сауалнама нәтижесінде ақпан және наурыз айларының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 жастағы Юсуф Язиджи клубқа келгеніне көп бола қоймаса да, жанкүйерлердің көзайымына айналып үлгерген.
ЦСКА жартылай қорғаушыны маусымның соңына дейін француздық «Лилль» клубынан жалға алған.
Ол ЦСКА сапында 4 матч өткізіп, 6 гол соқты.