• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 28 Наурыз, 2022

Халқымыздың қазіргі сұранысына сай келеді

236 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі геосаяси жағдай кезінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді одан әрі дамыту жолдарын атап көрсетті. Облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымында еңбек еткендіктен, айтылған бастамалар қоғамның, мемлекеттің және бірінші кезекте Қазақстан халқының қазіргі заманғы сұранысына сай келетініне сенімім зор.

Президенттің шамадан тыс өкілет­тіктерден бас тарту бастамасы саяси жаңару бағытындағы тағы бір қадам. Парламенттің рөлін кү­шейту – «күшті Прези­дент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» саяси жүйе кескін-келбетін іске асыру билік институттары мен жергілікті өкілді органдардың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап айтқанда, мәслихаттарға сайлаудың аралас үлгісін енгізу өте уақтылы және халықтың сұра­нысына жауап береді. Мәсли­хаттардың рөлін арттыру және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Бұл да біраз уақыттан бері талқыланып, бүгінгі құжатта көрініс тапқан мәселе болып табылады. Жергілікті басқару органдарын қаржыландыруды кеңейту және олардың меншік базасын кеңейту көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмыс істеуінің іргелі қағидат­тарын айқындайтын құжат ретінде есептелетін Еуропалық жергілікті өзін өзі басқару хартиясын ратификациялау қажеттігі туралы айтты. Осы шаралардың барлығы жыл ортасына дейін жүзеге асуы тиіс. Бұл бастамалар халық пен биліктің арасындағы сенімді арттыруға септігін тизгізетіні анық.

 

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,

Сенат депутаты