• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2022

Жолдауды жүзеге асыру тетіктері анықталды

184 рет
көрсетілді

Амаnat партиясының жас көшбасшыларының Жас депутаттар корпусымен бірлескен отырысында Президенттің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын іске асыру тетіктері анықталды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақ­стан­ды қалыптастыруға бағытталған бірқатар маңызды саяси реформаларды ұсынды.

Amanat партиясынан Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ облыстық және қалалық деңгейдегі мәслихаттардың 500-ден астам депутаты қатысқан Жас депутаттар корпусының отырысында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі алдағы трансформациядағы жастардың рөлі қандай екендігі анықталды.

Талқылауға қатысқан Мәжіліс депу­та­ты Геннадий Шиповских: «Бүгін ел да­муының саяси моделі қайта қарал­ды. Олар­дың ішінде қоғамды демо­кратияландыруға бағыт­талған Прези­денттің құзыретін шек­теу, заң қабыл­дауға қатысты Па­рла­мент Мәжі­лісінің, жергілікті әкім­дерді таға­йын­дауға байланысты мәслихат­тардың  рөлін күшейту мәселесі бар», деді ол.

Jas Otan жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Президент айтқан бастамаларда жастарды қолдаудың нақты тетіктері айқындалғанын айтты: «Партияның жастар қанаты ретінде жастардың азаматтық белсенділігін арттыру біздің алдыңғы қатарлы жоспарларымыздың бірі. Сондықтан бүгін Мемлекет басшысы атап өткен мемлекеттік емес сектор өкілдерін, азаматтарды, белсенділерді мемлекетті басқару ісіне араластыру, сол мақсатта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құру орынды және оның құрамында жастар да болады деп сенеміз. Тиісінше, бұған жастардың атсалысуын қамтамасыз ететін боламыз. Сонымен қатар жастар қанатының «Қайсар», «Өрлеу», «Партиялық контент-фабрика», «Кеңес орталығы» және «Сәтті қадам» сынды жобаларын іске асыру арқылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде».

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар жаңа облыстардың құрылуы жастар­ға оң ықпалын береді деген пікірлерін білдірді. «Бүгін шығысымызда Абай облысының, орталықта Ұлытау облысының және Жетісу облыстарын құру арқылы бірінші жағынан тарихымызды жаңғыртсақ, екінші жағынан еліміздегі аумағы жағынан ірі әкімшілік бөліністерді басқаруды ұйымдастыруға ыңғайлы болмақ. Себебі Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары көлемі ғана емес, жастардың шоғырлануы жағынан да көшбасшы аймақтар. Осы орайда аталған аймақтарды бөлу жастармен нақты жұмыс істеу механизмін ұйымдастыруға ықпал етеді. Тиісінше жаңа жұмыс орындары ашылып, жастардың саяси-мәдени, тұлғалық дамуына жаңа инфрақұрылымдар пайда болып, осыған дейін облыс орта­лықтарынан алыс орналасқан ауыл­дардағы жастарымыз­дың әлеумет­тенуіне жақсы мүмкіндік туындамақ», деді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталы­ғы директорының орынбасары, Прези­денттік кадрлық резерв мүшесі Элина Паули.