Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай 28 наурыздан бастап қайта ашылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру мәселелері бойынша билет сатып алған жерге хабарласу керегі айтылды.
Сондай-ақ Ақтөбе әуежайында биыл жаңа бағыттар ашылатыны, одан әрі дамитыны белгілі болды.Еске салайық, әуежайдың ұшу-қону жолағы жөндеуді қажет еткен еді. Тексеру барысында әуеайлақ плиталарының бүлінгені, сынғаны анықталған.
Жөндеу жұмыстары 17-27 наурыз аралығында жүргізілді.