• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2022

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

527 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметі «Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орал» халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін», делінген құжатта.

Қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өткен жылы қоғам белсенділері мен депутаттар әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатын.

Мәншүк Мәметова Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген.

1942 жылдың тамызында өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысқан.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк Мәметова өзінің мергендігімен және батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста қазақтың батыр қызы пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.