ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әділет министрлігінің басшысы Қанат Мусинге «Қайрат Сатыбалдының ұсталуы ҚР Тұңғыш Президенті туралы заңға қайшы келе ме?» деген сұрақ қойылды.
«Біріншіден, заң отбасы мүшелерін анықтайды. Бұл санатқа жиендер кірмейді. Екіншіден, Тұңғыш Президент туралы заң Тұңғыш Президент пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ұсталуы мүмкін еместігін көрсетеді. Яғни, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Екінші жағынан, оларға айып тағуға ешқандай тыйым салынбаған», деді Қанат Мусин Мәжіліс кулуарында.
Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалды ұсталып, екі айға қамауға алынды.