• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2022

Өткен жылы 267 заңсыз ойын мекемесі анықталды

318 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2021 жылы 267 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз айналымнан 5 мыңға жуық ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері мен компьютерлер тәркіленген.

Оған қоса, ҚМА Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп 4 мыңға жуық онлайн ойын сайттарын бұғаттады.

«Егер заңсыз ойын мекемелері жөнінде қандай да бір ақпаратыңыз болса, заңбұзушыларға жауапкершілік шараларын қолдану үшін 8 (7172) 70-84-78 сенім телефоны арқылы Қаржылық мониторингі агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз», делінген ведомствоның хабарламасында.