• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 29 Наурыз, 2022

KASE: Ресейлік компаниялармен сауда жасамайды

1322 рет
көрсетілді

Елімізде 1 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) олардың операцияларына қатысты енгізілген шектеулерге байланысты ресейлік эмитенттердің құнды қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды. Бұл туралы биржа ақпарат таратты.

Нақты айтқанда, отандық қор биржасында 13 ресейлік компания – «Аэрофлот-российские авиалинии», «Газпром», «Норильский никель», «Лукойл», «Магнит», «Новолипецкий металлургический комбинат», «Ростелеком», «Сбербанк», ВТБ Банк, «КТЖ Финанс», «Управляющая компания «Восток-Запад», ООО «Управляющая компания «Восток-Запад» басқаруындағы «Фонд первичных размещений» және «Фонд ВДО развивающихся российских компаний» компанияларының құнды қағаздары бойынша сауда қызметі тоқтатылды.

«Сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім Орталық депозитарийден осы бағалы қағаздармен мә­мілелер жасауға шектеулер туралы ақпараттың тү­суіне байланысты», делінген KASE хабарламасында.

– Ресей Федерациясында шетелдіктерге ресейлік бағалы қағаздарды сатуға шектеудің енгізілуіне байланысты сауда тоқтатылды. Еске салайын, ресейлік компаниялардың акциясымен аударым жасауға, қандай да бір операция жүргізуге және жай ғана сатуға тыйым салынды. Ұлттық есептеу депозитарийі қазақстандықтар үшін де бағалы қағаз сатпайды. Өйткені біз де шетелдік болып саналамыз. Өткен апта­ның соңында ресейлік бағалы қағаздардың төмен бағалары біздің оқырмандарымыздың көпшілігін алдап кетпеді деп үміттенеміз. Бұл тыйымның қашан алы­натыны белгісіз, – деп жазады FINANCEkaz каналы.