• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Наурыз, 2022

Экономика министрі зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу туралы айтты

455 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылап отырамыз. Инфляцияны қанша деңгейде белгілейтінімізге байланысты. Оны біз ғана белгілемейміз. Ұлттық банкпен бірге белгілейміз. Өйткені үлкен есеппен алғанда, инфляцияға Ұлттық банк жауапты. Инфляциялық таргеттеу саясатын солар жүргізеді. Сәйкесінше, инфляциялық дәлізді жоғары белгілесек, индексация да соған сай болады», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.