Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мен Украина делегациясының мүшесі, «Слуга народа» партиясының парламенттегі фракциясының басшысы Давид Арахамия арасындағы келіссөз Ыстанбұлда басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, екі ел делегациясына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған ұсыныс жасаған болатын.
Сондай-ақ Ердоған жексенбі күні Путинмен телефон арқылы сөйлесіп Ресей мен Украина арасында бейбітшіліктің орнауына ықпал етуді жалғастыратынын атап өткен.