Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі үй жануарлары мен тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, тыйым салынған жануарлардың тізіміне мыналар кірді:
Шаяндар; Өрмекшілер; Жыландар; Кесірткелер (улы тістілер мен Комодо кесірткесі); Барлық түрдегі қолтырауындар; Жыртқыштар (аюлар, арыстандар, барыстар, пумалар, қасқырлар және т. б.); Приматтар; ҚР-да сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарларының барлық түрлері.Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізіміне келесі түрлер кірді: американдық акита, доберман, далматин, чау-чау, хаски, шарпей, роттвейлер, Стаффордшир терьері, қойшы иттер, мысық тұқымдасының жабайы түрлері бар үй мысықтарының будандары және т. б.
Жануарлардың толық тізімін мына құжаттан көруге болады.
Бұйрық 2022 жылғы 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.