«Самара-Шымкент» автожолында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» тас жолының 776-965 шақырымында, Белогорка кентінің учаскесі – Қарабұтақ кентінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», делінген компания хабарламасында.