Қазақстанның білім беру ұйымдары оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіріледі. Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Үкіметтің жүйелі жұмысының нәтижесінде оқушылар офлайн форматтағы оқуға көшті. ІV тоқсан барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі форматта басталады», деді Гүлмира Кәрімова Орталық комумникациялар қызметінде.
7,5 мың орта білім беру ұйымдарында оқушылар контингенті шамамен 3,6 млн баланы құрайды (2,4 млн. оқушы қазақ тілінде білім алады, 65,3 %). Бұл өткен оқу жылының осы кезеңімен салыстырғанда 200 мың балаға артық. Мектеп басшылары білім беру ұйымдарында қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Жалпы, барлық орта білім беру ұйымдарында 4-тоқсан дәстүрлі түрде басталады. Оқу тоқсанының ұзақтығы – 8 апта. Оқу жылы дәстүрлі түрде биылғы жылдың 25 мамырында аяқталады.