Украина астанасы Киев маңындағы Ирпень қаласын қорғаған белгілі боксшы әрі бапкер Алексей Джунковский әскери Операция кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Vringe.com-ға сілтеме жасап.
Деректерге сенсек, спортшы ресейлік әскерилердің шабуылы кезінде мерт болған. Ол кезінде бокстан Украина құрамасының мүшесі ретінде танылған. Төрт мәрте әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында жүлде алған. Украина – АҚШ, Украина – Ресей, Украина – Куба құрамалары арасында өткен командалық додаларда елінің намысын қорғаған. Алексей бапкер ретінде де талай шәкірттерді тәрбиелеген болатын.