«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ дерегі бойынша қатты бораннан жолдың көрінбеуі себепті Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде (24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар) жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz
ТЖМ ахуалдық орталығында жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылды.
Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізуде. Бірқатар облыстарда да осындай штабтар жұмыс жасап тұр.
Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді 8 (7172) 53 32 84
Барлық жабық жол учаскелерінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен посттар қойылды. Автомобиль жолдарына (дәмхана, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды.
Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауылдың салдарынан шатырлар мен ағаштар құлауған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.