Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі ауысты. Бұл лауазымда бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Саят Шаймин болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Саят Шаймин Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданының әкімі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Бұрынғы аудан әкімі Мейрам Кожухов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Саят Шаймин еңбек жолын «Қарағанды Жолдары» ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің маманы болып бастады. «Қазавтожол» АҚ жұмыс істеді. 2019 жылы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, ал 2021 жылдың мамыр айында осы басқарманың басшысы болды.