• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Наурыз, 2022

Душанбеде 20 жүлде алды

340 рет
көрсетілді

Тәжікстанның бас шаһары – Душан­беде велоспорттан түрлі жас ерекшеліктері бойынша өткен Азия біріншілігі өз мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты. Ұлттық командамыздың мүшесі Игорь Чжан 175 шақырымдық топтық сайыста топ жарды. Шешуші тұста жерлесімізге жол берген жапониялық Нариюки Масуда мен моңғолиялық Жам­балжамц Ерденбаат екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Әйелдердің элиталық бәсекесінде Махаббат Үмітжанова мен Анжела Соловьева күміс пен қола медальдарды иеленсе, әйелдер арасында алғашқы екі орынды Ақпейіл Өсім мен Светлана Пащенко иемденді.

Сөйтіп, Памир тауы баурайында өткен жарысты қазақстандық велошабандоздар 20 жүлдемен қорытындылады. Оның 7-еуі – алтын, 8-і – күміс және 5-еуі – қола медаль.