• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Наурыз, 2022

Жерлестеріміз үшінші себетте

207 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннистен ерлер арасындағы Дэвис кубогы жолындағы жарыстың топтық кезеңінің жеребесі тартылады.

Аталған турнирде өнер көрсететін командалар төрт себетке бөлінді: Біріншісі – Хорватия, Испания, Франция, АҚШ; Екіншісі – Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания; Үшіншісі – Қазақстан, Бельгия, Сербия, Аргентина; Төртіншісі – Швеция, Аустралия, Нидерланд және Оңтүстік Корея құрамалары. Биылғы жыл­дың 14-18 қыркүйегі күндері Болонья (Италия), Гамбург (Германия), Глазго (Ұлы­британия) және Малага (Испания) қала­ларында өтетін бәсекелер барысында осы 16 команда арасынан сегіз мықты анықталады. Олар 23-27 қараша күндері Дэвис кубогының әлемдік тобында күш сынасып, бас жүлдені сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетейік, айтулы турнир 1900 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ең соңғы жарыстың шымылдығы былтыр Испанияның бас шаһары – Мадридте түрілді. Бұл бәсекеде Ресей теннисшілерінің бағы жанды. Финалда олар Хорватия құра­масын 2:0 есебімен ұтты.