Алматы облысының құтқарушылары облыс тұрғындарын қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің болуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.
Алматы облысының аумағында 109 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан және Ескелді аудандарында, сондай-ақ Текелі қаласында, Іле - Алатау жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан», деп хабарлады ТЖД.