• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2022

Мердігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданбақ

219 рет
көрсетілді

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласындағы «Diamond park» тұрғын үй кешені мәселесі бойынша мердігерлердің үстінен қозғалған іс таяуда ақяталып, сотқа жолданатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қосшы қалалық полиция бөлімінің басшысы Талғат Сақанов мәлімет таратты.

«Бұл мәселеге қатысты қылмыстық істі сәуірдің 10-на дейін тергеп, прокуратураға жолдайтын боламыз. Осы іске қатысы бар делінген екі мердігер де қазіргі кезде уақытша ұстау орталығына қамалған. Үлескерлердің барлығы қылмыстық іс барысында зардап шегушілер деп танылған», дейді ол.

Мұнда алғашқы жеті үй ғана тиісті құжаттары рәсімделіп, пайдалануға берілген. Қалған жеті үйдің үлескерлері үш жылдан бері құрылыстың аяқталуын және құрылысты заңдастыруды асыға күтіп жүр.