Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін жылдың соңына дейін ұзартуға қатысты ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы ұсынысқа байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов пікір білдірді.
«Жеткілікті шегіне тоқталсақ, бұл мәселеге түрлі призмалар арқылы қарау керек. БЖЗҚ – ол адамдардың өзінің лайықты зейнатақысына жинаған қаражаты. Осыдан қаражатты үнемі ала берсек, онда ертең адам зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақыны алатын болады. Бұл дұрыс па? Сондықтан Еңбек министрілігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды. Бұл тұрғыда біздің ұстанымды айтатын болсақ, ел азаматтары зейнет жасына жеткенде, оның табысына сәйкес лайықты зейнетақысы болу керек», деді Серік Шәпкенов.