Түркістан облысының Шардара ауданында гір көтеруден Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Біріншілікке жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай шағалалы Шардарада спорттың әлемдік деңгейде дамып жатқанын айтып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Бәсекеге еліміздің 14 өңірінен 300-ден аса спортшы қатысуда.