• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Сәуір, 2022

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

270 рет
көрсетілді

1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-батыстан жылжыған циклон әлі де өз әсерін тигізеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазгидромет мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, өңірдің солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, түнде солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.