• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Сәуір, 2022

Моңғолияда бақ сынайды

344 рет
көрсетілді

Сәуір айының екінші жартысында Моңғолияның астанасы – Ұлан­ба­тырда өтетін Азия чемпионатында еліміздің әйелдер күресі шеберлері қан­дай құрамда өнер көрсететіні бел­гілі болды.

Таяуда ғана Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған Серік Алшынбаев үшін бұл – алғашқы үлкен сынақ. Сол себепті де ол сары құрлықтың басты додасында қомақты табысқа қол жеткізу үшін кіл мықтыларды ұлттық командамыздың туы астына жинаған екен. Солардың арасынан Жәмила Бақбергенованы бөле-жара атап өтуге болады. Ол бұған дейін Азия біріншілігінде үш рет жеңіс тұғырына кө­терілді. Былтыр Ослода өткен әлем чем­пионатында жалғыз ғана жүлдеге қол жеткізген де дәл осы Жәмила еді. Енді біз 26 жастағы Алматы облысының өкілі алдағы жарыста тек алтын алады деп үміттеніп отырмыз.

Өзге салмақ дәрежелерінде Айгүл Нұр­әлім (50 кило), Жұлдыз Ешімова (53 кило), Алтын Шағаева (55 кило), Нилуфар Раимова (57 кило), Дина Каюмова (59 кило), Аяулым Қасымова (62 кило), Дариға Әбен (65 кило), Мәдина Бақбергенова (68 кило) және Гүлмарал Еркебаева (72 кило) боз кілемге шығады.