• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Сәуір, 2022

Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

323 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, Түркістан облысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілі алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын екі цех анықталды.

«Жасанды алкоголь өнімдерінің басым бөлігі антисанитарлық жағдайда әзірленген. Бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті. Танымал брендтердің алкоголь өнімдері табылып, тәркіленді. 3 мыңнан астам бөтелке, 3,5 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркалары, 1 тоннадан астам спирт, арақтың танымал маркаларының этикеткасы, қаптама материалдары алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп атап өтті агенттік өкілдері.