ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 1 сәуірде Алматы уақытымен 15 сағат 34 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 253 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.9. MPV магнитудасы - 4.1. Эпицентрдің координаттары 43.13° С. Е.80.02° ш. ұ. тереңдігі 35 км. сезілетіні туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) жоқ», делінген «Алматы» ОСО кезекші операторының хабарламасында.