Дауылды ескерту Нұр-Сұлтанда және еліміздің тағы сегіз өңірінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда 2 сәуірде түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында - 17-22 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте екпіні 16 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.