• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Сәуір, 2022

Үкімет басшысының кеңесшісі тағайындалды

247 рет
көрсетілді

Бибігүл Амангелдіқызы Асылова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бибігүл Асылова әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі қызметін атқарады.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады. 1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.

1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында қызмет атқарды.

2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарып келген.