«Қазгидромет» синоптиктері 3 сәуір күні ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыста, солтүстік пен шығыста екпіні 23 м/с артады.
Ақтөбе облысындаа оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде күші 15 м/с артады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында күші 23 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болжанады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батыста екпіні 15-20 м/с артады.
Күндіз 3 сәуірде, тәулік бойы 4-5 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 3-4 cәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
Сондай-ақ 3-6 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында жылы ауа температурасының сақталуы мен одан әрі жоғарылауына байланысты өзен бассейндерінде қардың еруі қарқын алады. Сол себепті еріген қар ағынының қалыптасуы, өзендерде мұздың әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.