• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2022

Дүлдүлдер дүниеге келген күн

305 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның үш бірдей атақты спортшысы, Олимпиада чемпиондары, көптеген халықаралық жарыстың жеңімпаздары әрі жүлдегерлері – Василий Жиров, Бекзат Саттарханов және Дмитрий Баландиннің туған күндері. Олардың барлығы да 4 сәуірде дүниеге келген. Жоғарыда есімдері аталған саңлақтардың есімдері әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазулы.

Василий Жиров бүгін 48 жасқа толып отыр. Қазіргі Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласында туып-өскен ол бозбала шағынан атақты бапкер Александр Апачинскийдің қол астында жаттықты. Өзінің ең алғашқы елеулі табысына жерлесіміз 1990 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасы мен жасөспірімдердің КСРО біріншілігінде қол жеткізді. Бұл жарыс­тарда Вася бас жүлдені олжалады. Көп ұзамай жастардың Одақ біріншілігінде қола медальды иеленіп, Еуропа чемпионы атанды. Ересектердің ТМД чемпионатында топ жарды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Жировтің жеңісті жолы басталды. 1993 және 1995 жылдары әлем чемпионатында қола медальды олжалаған отандасымыз 1996 жылы Атлантада алауы тұтанған Олимпия ойындарында 81 кило салмақ дәрежесінде дара шығып, аталған жарыстың ең үздік боксшысына тиесілі Баркер кубогын иеленді. Одан бөлек Азия ойындарының жеңімпазы атанып, құрлық біріншілігінде теңдессіз деп танылды.

1997-2009 жылдар аралығында Василий Жиров кәсіпқой рингте күш сынасты. Бұл ретте де ол толағай табыстарға қол жеткізді. 1999 жылы америкалық Артур Уильямсты жетінші раундта ұрып жығып, бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы атанды. Одан кейінгі үш жыл аралығында алты қарсыласын қапы қал­дырып, өзіне тиесілі атақты сәтті қорғады. Кейіннен «Балқаштың барысы» ауыр салмақта сайысқа түсті. Кәсіп­қойлар арасында барлығы 42 рет жекпе-жекке шыққан Жиров 38 рет жеңіске жетті. 32 қарсыласын есінен тандырды. Үш рет ұтылып, бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Василийдің есімі кәсіпқой бокс­тан Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы ретінде тарихта қалды.

Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда бүгін 42 жасқа толатын еді. Бірақ ажал оны арамыздан тым ерте жұлып әкетті. 2000 жылдың 31 желтоқсанында жора-жолдастарымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін өзінің туған жері – Түркістаннан облыс орталығы – Шымкентке аттанып бара жатқанда, Алаштың алтын асықтай ұлы жол апатынан қаза тапты. Ол кезде Бекзат небәрі 20 жаста еді.

Саттархановтың бір ерекшелігі, ол ересектердің ел чемпионатында даралан­бай-ақ қырағы мамандардың назарына ілікті. Бұған дейін қандасымыз тек жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия біріншіліктерінің күміс медальдарын иеленген еді. Десек те жас былғары қолғап шеберінің бойында бұла күштің бұғып жатқанын дөп басқан білікті бапкер Тұрсынғали Еділов Бекзатты ұлттық құрама сапына қабылдады. Ол өзіне артылған сенімді толығымен ақтады. 1999 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында екінші орынға табан тіреген Саттарханов ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған Олимпия ойындарында күш сынасу құрметіне ие болды.ұйрықты жұлдыздай жарқ еткен Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда бүгін 42 жасқа толатын еді. Бірақ ажал оны арамыздан тым ерте жұлып әкетті. 2000 жылдың 31 желтоқсанында жора-жолдастарымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін өзінің туған жері – Түркістаннан облыс орталығы – Шымкентке аттанып бара жатқанда, Алаштың алтын асықтай ұлы жол апатынан қаза тапты. Ол кезде Бекзат небәрі 20 жаста еді.

Жасыл құрлықта өткен жарыста Бекза­ттың жасындай жарқылдағаны күні бүгінгідей көз алдымызда. Бастапқы бәсе­келерде румыниялық Овидиу Бобырнат пен Джеффри Матебуланы оңай еңсерген Түркістанның тастүлегі ширек финалда Түркияның даңқты боксшысы Рамази Палианиден айласын асырды. Жартылай финалда марокколық Тахар Тамсаманиді, ал ақтық айқаста америкалық Рикардо Хуаресті жеңді. Сөйткен Саттарханов қазақ боксшылары арасынан алғашқы болып Олимпиада чемпионы атанды.

Өрелі өнерімен қалың көрерменді қуантып жүрген Дмитрий Баландин 27 жасқа толды. Жастайынан жүзу спортын серік еткен Алматының тумасы алғаш рет 2014 жылы Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарында теңдессіз өнерімен дүйім жұртты тамсандырды. Ол 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Бұл та­бысының кездейсоқ еместігін Дима 2015 жылы Кванджуда жалауы желбі­реген Дүниежүзілік Универсиадада дәлел­деді. Отандасымыз 100 метрлік сайыста қарсылас шақ келтірмеді.

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында шымылдығы түрілген Олимпия ойындарында Баландин үлкен ерлік жасады. Брасс әдісімен 200 метрге жүзуде ол теңдессіз деп танылды. Күміс медаль АҚШ-тың өкілі Джош Пренотқа бұйырса, қола жүлдені ресейлік Антон Чупков иеленді. Сондай-ақ Баландиннің осы жарыс барысында америкалық Кевин Кордес пен германиялық Марко Кох сынды атағы алысқа жайылған спортшыларды сан соқтырғанын айта кеткен абзал.релі өнерімен қалың көрерменді қуантып жүрген Дмитрий Баландин 27 жасқа толды. Жастайынан жүзу спортын серік еткен Алматының тумасы алғаш рет 2014 жылы Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарында теңдессіз өнерімен дүйім жұртты тамсандырды. Ол 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Бұл та­бысының кездейсоқ еместігін Дима 2015 жылы Кванджуда жалауы желбі­реген Дүниежүзілік Универсиадада дәлел­деді. Отандасымыз 100 метрлік сайыста қарсылас шақ келтірмеді.