Өзбекстан билігі мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзбекстан Үкіметі жариялаған қаулыда билік мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алуға ниетті екені жазылған. Оның ішінде биыл сәуір-шілдеде Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алу жоспары көрсетілген.
«Ұсыныс мақұлдансын... Сәуір-шілдеде Қазақстаннан үшінші сұрыпты 100 мың тонна бидай (осы көлемнің бір бөлігі – ұн) қолайлы бағамен импорттау», деп жазылған lex.uz ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланған құжатта.
Құжатқа Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік резервтерді басқару комитеті мен Қазақстанның Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қол қояды деп жоспарланып отыр.